«Х.Әлімжан атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 8-Наурыз мерекесі: Аналар мен ұстаздарға құрмет.
7- Наурыз күні 5-9 сынып оқушылары " Ана- тіршіліктің тірегі" тақырыбында ұстаздарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Бұл мерекелік шараның мақсаты аналар мен ұстаздарға деген шексіз құрмет пен алғысты білдіру, сондай- ақ, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту болатын.
Концертте оқушылар түрлі музыкалық көркемдік және әдеби нөмерлермен ана мен ұзтаздардың рөлін дәріптеу, олардың қоғамдағы маңызды орнын паш етті. Әрбір қойылымда аналардың мейірімі сабырлығы мен қасиетті болмысы ұстаздардың жанашырлығы мен білім беру жолындағы еңбегі ерекше көрсетілді.