Х.ӘЛІМЖАН АТЫНДАҒЫ НОМ КММ » Әлімжан НОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Әлімжан атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Х.ӘЛІМЖАН АТЫНДАҒЫ НОМ КММ
16
май
2016

Х.ӘЛІМЖАН АТЫНДАҒЫ НОМ КММ



№44 Хамид Әлімжан атындағы негізгі орта мектебінің тарихы

 


№44 Хамид Әлімжан атындағы негізгі орта мектебі Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Иіржар ауыл әкімшілігінің Азамат ауылында орналасқан. Х.Әлімжан атындағы мектеп ғимараты негізінде 1979 жылда мақта теру науқанында студенттер үшін жатақхана болып құрылған. 1989-1990 оқу жылында 9 жылдық мектеп үшін берілген болып, сол кезде Азамат ауылында Красный Авангарда атындағы мектеп болып аталған. Сол кездегі жатақхананы мектеп қалпына келтіріп, оған сол кездегі мектеп директоры Тайлақов Базарбай, өзбек тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Уразалиева Рихси, тарих пәні мұғалімі Карабекова Рисхол, орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Кулиева Салмаз, Байметов Құдайберді сияқты педагогтар кеңесіп мектепке Хамид Әлімжан есімін берген. Бұл Х.Әлімжан атындағы мектептің ашылуында ауыл тұрғындары және белсенділері Тайлақов Базарбай, Карабеков Файзулла, Адилов Турсунбой, Хужамбердиев Қозоқбой аталардың үлкен еңбектері бар.
Бұрынғы «Красный Авангард» қазіргі Х.Әлімжан атындағы мектепте көптеген әр түрлі кәсіп иелері жетісіп шыққан. Олар: ғалым, агроном Карабеков Файзулла, Карабеков Ибадулла, жоғары білімді дәрігер Ержанов Базарбай, жоғары білімді педагог Кулиева Салмаз, қазірде Өзбекстан Республикасы Бахт қаласында емханасы бар Кулиева Салмаз, жоғары білімді педагогтар Тайлақов Базарбай Байметов Құдайберді, медбике болым жұмыс істеген Қорабекова Анархал, Ғайипбергенова Дина, жоғары білімді дәрігер Тайлақов Ташмурат, тоқу өндірісі бойынша жоғары маман болып жетіскен Тайлақов Шодмонқул, қазірде ауыл амбулаториясындағы фельдшер Тайлақова Фотима, гидротехника бойынша маман Сангиров Назарбай жән тағы басқалар.
Кезінде осы мектепте оқыған Суксурова Гулсара, Алимова Джандыш, Байметов Жумабай, Карабеков Закиржан, Карабекова Холида, Мамадярова Мухаббаттар қазірде осы мектепте өздерінің педагог қызметін жалғастыруда.Х.Әлімжан мектебінде басшы қызметін атқарғандар, яғни директор болып 1988-1990 жылдарға дейін Тайлақов Базарбай, оқу ісі орынбасары болып Байметов Құдайберді болған, 1990-1997 жылға дейін директор болып Байметов Құдайберді оның орынбасары болып Дусейнов Өтеш болған. 1992-2005 жылдар аралығында директордың оқу ісі және тәрбие ісі бойынша орынбасары болып Карабекова Рисхол болған. 1997-2004 жылдар аралығында Кулиева Салмаз, 2004-2005 оқу жылында Ниязбеков Талғат мектеп директоры қызметін атқарған. 2005-2009 жылдар аралығында Мамырова Жанар, 2009-2010 оқу жылында Оспанов Махкам мектеп директоры болған, 2010 жыл мартдан бастап Якубов Темурбек мектеп директоры қызметін атқарып келе жатыр.