Әдістемелік бірлестік туралы » Әлімжан НОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Әлімжан атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әдістемелік бірлестік туралы
10
январь
2022

Әдістемелік бірлестік туралы

Әдістемелік бірлестік туралы
ЕРЕЖЕ
І. Жалпы ережелер:
Әдістемелік бірлестік білім мекемесіндегі әдістемелік қызметтік негізгі құрылымдық белгі болып табылады. Әдістемелік бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, эксперименттік және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізеді.
            Әдістемелік бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша құрамында кемінде 5 мұғалім болған жағдайда құрылады. Әдістемелік бірлестіктерді құру олардың санына, құрамына өзгерістер енгізу мектеп директорының бұйрығымен жүзеге асырылады.
            Әдістемелік бірлестіктер тікелей директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарына бағынады.
ІІ. Әдістемелік бірлестіктің міндеті мен қызмет бағыттары:
Әдістемелік бірлестік төмендегідей міндеттерді шешу үшін құрылады:
-пән бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыру және жүргізу;
-өзара тәжірибе алмасу арқылы сабақ беру әдістемесін жетілдіру;
- педагог мамандардың кәсіби  біліктілігін көтеру;
-педагогикалық эксперименттерді жүргізу;
-мектептің алға қойған мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда оқу үдерісін ұйымдастыру;
Әдістемелік бірлестіктің негізгі жұмыс түрлері:
-оқушыларды оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің проблемалары бойынша педагогикалық эксперименттерді өткізу үшін олардың нәтижесін білім процесіне енгізу;
-оқу-әдістемелік мәселелер бойынша мұғалімдердің шығармашылық есептері, дөңгелек үстел, кеңестер, семинарлар т.б.
-оқушыларды оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің мәселелері бойынша әдістемелік бірлестіктің отырыстары;
-пән бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар;
-оқыту және тірбиелеу әдістемесі, жалпы педагогика және психология мәселелері бойынша дәрістер, баяндамалар және дискуссиялар;
-озат педагогикалық тәжірибені және басқару құжаттарының талаптарын зерттеп оқу-тәрбие процесіне енгізу;
-пән және әдістемелік апталықтарды өткізу;
-өзара сабаққа ену;
-оқу сабақтарының өткізу сапасын бақылау;
Әдістемелік бірлестік қызметінің негізгі бағыттары:
-пәндер бойынша білім деңгейінің қорытындыларын талдау;
-оқу жоспарының вариативтік бөлімдерін жасауға қатысу, оқу бағдарламаларындағы минимал көлем мен мазмұнға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізу;
-оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдарды талдау;
-пәндер бойынша ашық сабақтар және ашық сыныптан тыс іс-шаралар өткізу;
-пәндерді оқыту әдістемесі бойынша баяндамалар дайындау және талқылау;
-оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру;
-жетекшілік жасау және бақылау мәселелерін қарастыру;
-оқытудың жаңа технологияларын іздеу және енгізу бойынша педагогикалық эксперименттерді ұйымдастыру және жүргізу;
-оқу пәндерін өту әдістемесін жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатында әдістемелік бірлестік ішінде және әдістемелік бірлестіктер арасында өзара сабаққа енуді ұйымдастыру;
-пәндер бойынша сайыстар, олимпиадалар, жарыстар өткізу туралы ережелер жасау.
Қазақстан тарихы, география,химия,биология пәндер әдістемелік бірлестігі
Әдістемелік тақырыбы: «Сабақта дамыта оқыту әдістерін пайдалана отырып оқушылардың белсенділігін арттыру.
Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби шеберлігінің шыңдалып өсуіне жағдай туғыза отырып, жан-жақты дамыған өзіндік танымдық дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлғаны тәрбиелек және сапалы білім беру жұмысының озық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану
Міндеттері:
  1. ҚР-ның «Білім туралы заңы мен тіл туралы заңын басшылыққа ала отырып, білім беру мен оқытудың сапасын арттыру.
  2. Сабақта жеке тұлғаның рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, азаматтық тәрбие беру.
  3. Оқушылардың ғылыми танымдық қабілетін дамыту.
  4. Білім сапасын көтеру мақсатында жаңа технологияны жүйелі қолдану.
  5. Оқушының өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі басқару, шешім таба білу механизмдерін қалыптастыру.
  6. Нәтижеге бағытталған білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.
  7. Мұғалімнің өзіндік білім көтеру жұмыстарын бірлестік отырысы барысында талқылау.
  8. Қалалық оқу бөлімінің қазақ тілі мен әдебиет әдістемелік орталығы ұйымдастыратын іс-шараларға қатысу.
  9. Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру.
  10. Пән олимпиадаларына дайындық.
  11. Әдістемелік бірлестіктің жұмысын жандандыру.

 
 

 
 
Бекітемін 
Мектеп директоры:                    С.Омарбекова.      
                    Х.Әлімжан атындағы №12 негізгі орта мектебі 
                               коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Химия,биология,география,қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, құқық     пәндері әдістемелік бірлестігінің   2021-2022 оқу  жылына арналған жылдық     жұмыс
Жоспары
Р/сЖұмыстың негізгі бағыттарыОрындалу
 мерзімі
Жауаптылар
1234
I.Оқыту үрдісін ұйымдастыру
1Әдістемелік пән бірлестік жұмысын жоспарлау.
(жоспар)
2021-2022 оқу жылынада «ҚР жалпы білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы»әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру.
Мұғалімдердің диагностикалық картасын жасау.
тамызМ.Мамадярова
2Күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды даярлау қолтаңбалы,таңдау курстарының күнтізбелік -тақырыптық  жоспарлар даярлау.тамызМ.Мамадярова
пән мұғалімдері
3Әдістемелік бірлестік отырыстарын ұйымдастыру (Қосымша 1тамызМ.Мамадярова
4       Химия,биология,география, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, құқық пәндері бойынша бақылау жұмыстарының материалдарын даярлау.Қыркүйек,қазан,желтоқсан,
наурыз,мамыр
М.Мамадярова
пән мұғалімдері
5       Химия,биология,география,қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, құқық  пәндері бойынша бақылау жұмыстарын өткізу (Қосымша 2)Қыркүйек,қазан,желтоқсан,
наурыз,мамыр
М.Мамадярова
Пән мұғалімдері
6Химия,биология,география,қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, құқық     пәндерінің апталығын өткізу     (Қосымша 3)
М.Мамадярова
Пән мұғалімдері
7Тоқсандық,жарты жылдық ,жылдық есептерді өткізуЖыл бойыМ.Мамадярова
пән мұғалімдері
8Білім сапасына жүйелі түрде қадағалау жүргізуҮнеміМ.Мамадярова
пән мұғалімдері
9Оқу үлгерімі төмендеген оқшылармен жұмыс жоспары
Қосымша 4
     ҮнеміМ.Мамадярова
пән мұғалімдері
10ОЖСБ дайындық   Қосымша 5  Жыл бойы             М.Мамадярова
пән мұғалімдері
11Оқушыларды мектепішілік,қалалық және республикалық олимпиадаға қатыстыруға дайындық жүргізуді үйымдастыру      ҮнеміМ.Мамадярова пән мұғалімдері
12Мектепішілік  олимпиада өткізу      ҚарашаМ.Мамадярова пән мұғалімдері
13Химия,биология,география, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, құқық,  пәндері мұғалімдерінің семинар, конференциялар т.б.іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру   Жыл бойыМ.Мамадярова
Пән мұғалімдері
14Қорытынды аттестаттау емтихандарына даярлау 
Қосымша 6
Сәуір-мамырМ.Мамадярова
Пән мұғалімдері

11.Кәсіби өсу және педагогикалық шеберлігін шындау

1Өзара сабаққа қатысуЖыл бойыПән мұғалімдері
2Химия,биология қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, құқық,  пәндері мұғалімдерінің семинар, конференциялар т.б.іс-шараларда жинақталған білімдерін ортаға салуЖыл бойыМ.Мамадярова
3Ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар өткізу кестесі     Дәстүрлі,дәстүрлі емес   
Қосымша 7
   Жыл бойыПән мұғалімдері
М.Мамадярова
4Кәсіби басылымдардағы үздік мақалаларға талдау жүргізу   Жыл бойыПән мұғалімдері
М.Мамадярова
5Пән  мұалімдерінің өз білімін жетілдіру тақырыптарын бекітуҚыркүйек                 М.Мамадярова
6Мұғалімдердің біліктілігін көтеру,семинар, курстарға қатысуын     ұйымдастыру   Жыл бойыМ.Мамадярова
6Химия,биология,география, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, құқық, пәндерінің апталығын өткізу  (Қосымша 3)
М.Мамадярова
пән мұғалімдері
7Жана технологияларды сабақтарда пайдалануЖыл бойыПән мұғалімдері

                 111.Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету

1Жас мамандардың тізімін анықтау. Оларға тәлімгерлер бекіту  Қыркүйек      М.Мамадярова
2Тәлімгерлердің жас мамандармен жүргізетін жұмыстарының жоспарын құру     Қосымша 8  Қыркүйек            М.Мамадярова
тәлімгер
3Жас маманның тәлімгерімен  бірлесе жүргізетін жұмыс жоспары   Қосымша 9Қыркүйек         Жас маман
4Тәлімгер педагогтардың сабақтарына қатысып тәжірибе алмасуЖыл бойыЖас маман
5Жас маманның жинақ папкасыЖыл бойыЖас маман
6Жас маманға әдістемелік көмек көрсету    Жыл бойы    М.Мамадярова
тәлімгер 
7Жас маманның тәлімгерлерден алған дәрісінің есебін қорытындылау        
                                    Дарынды балалармен жұмыс     
МамырМ.Мамадярова
1Химия,биология,география, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, құқық  пәндерге дарындылығын анықтау жұмыстарын жүргізу.Дарынды балалар тобын құруҚыркүйек М.Мамадярова
пән мұғалімдері
2Оқушылардың дарындылығын дамыту үшін жүргізілетін  жұмыс жоспарын құру        Қосымша 10ҚыркүйекМ.Мамадярова
3Дарынды балаларды ғылыми-практикалық конференцияларға,семинарларға қатыстыруЖыл бойы             М.Мамадярова
4Оқушыларды ғылими-жоба сайыстарына қатыстыруЖыл бойы             М.Мамадярова
пән мұғалімдері
5Дарынды оқушыларды аудандық, қалалық, республикалық олимпиадаларға қатыстыру        Жыл бойы             М.Мамадярова
Пән  мұғалімдері
Ә.Б.Ж.                М.Мамадярова