Химия, биология пәндерінің апталығы «Таза болса табиғат, аман болар адам зат» тақырыбы бойынша өткізілетін іс-шараның жоспары. » Әлімжан НОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Әлімжан атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Химия, биология пәндерінің апталығы «Таза болса табиғат, аман болар адам зат» тақырыбы бойынша өткізілетін іс-шараның жоспары.
26
ноябрь
2021

Химия, биология пәндерінің апталығы «Таза болса табиғат, аман болар адам зат» тақырыбы бойынша өткізілетін іс-шараның жоспары.


Апталықтың ашылу салтанаты





Сабақтың тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің гигиенасы. Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары: пиелонефрит, цистит, бүйрекке тастың жиналуы. Себептері және алдын алу шаралары.»


Бөлім: 

9.2B 

Бөліп шығару

Педагогтің аты-жөні:

Умирзакова Л

Күні:

23.11.2021ж

Сыныбы: 9 «а»

Қатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Зәр шығару жүйесінің гигиенасы. Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары: пиелонефрит, цистит, бүйрекке тастың жиналуы. Себептері және алдын алу шаралары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.5.4 - бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының алдын алу жолдарын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Зәр шығару жүйесінің гигиенасы туралы түсінік қалыптасады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Бүйрек және басқа зәр шығару мүшелерінің ауруларын қарастырады.

Кейбір оқушылар үшін:

Теңестірілген дұрыс тамақтануға ұсынылған азық-түліктердің түрлерін және зиянды тағам түрлерін ажыратып талдайды..

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.

2.Топтық ережені еске түсіреді.

3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады. 


Шеңбер бойынмен тұрған оқушыларға тапсырма:Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

3.Оқушыларды топтарға біріктіру.

Конфеттер арқылы 2 топқа бірігеді.Оқушыларға 2 түрлі конфет таратылады. Өздерінің қалаған конфетін алып топтасады.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді.  Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.


Жаңа сабаққа кіріспе


 (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты  байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау     жасағаннан  кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Білу және түсіну сұрақтарына жауап береді:

1. Цистит, пиелонефрит, өрлеме жұпа, несептас ауруы дегеніміз не?

2. Неліктен «С дәруменін» бақылаусыз ұзақ уақытқа пайдалануға болмайды?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. 

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. 

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.  

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді, бақылайды. 

«ДЖИГСО» әдісі: Топтық жұмыс. Мәтінді оқып, топта талқылайды. Топтар арасында ақпарат алмасады.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға жетелеуші, бағыттаушы, түрткі сұрақтар қойып, қолдау көрсетеді.

Презентация

Жеке жұмыс

Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады. Нұсқау, бағыт-бағдар, қолдау көрсетеді. 

1. Цистит пен пиелонефрит ауруларының пайда болу себептері мен олардың алдын шараларын анықтайды.

2. Несеп жолына тас байлану ауруларының алдын қалай алуға болады? Сипаттама береді.  

Дескриптор:

1. Бөліп шығару мүшелерінің  қызметін сақтау туралы эссе жазады.

2. Мынандай жағдайдың моделін жасайды: « адамда мынандай белгілердің бірі пайда болды-бел аймағының ауруы, зәр шығудың қиындауы немесе ауруы; ауыздың кеуіп кетуі; шөлдеу; әсіресе ұйқыдан кейін ісініп кету. Бұл адамға қандай кеңес берер едіңдер?

Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ

Жұптық жұмыс

Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады. Нұсқау, бағыт-бағдар, қолдау көрсетеді. 

1. Баспа және тіс жегісі; өрлеме жұқпа, цистит пен пиелонефрит ауруларының арасындағы байланысты сызба түрінде бейнелейді.

2. Бұл аурулардың арасындағы айырмашылықтарды көрсетеді. Аталған аурулардың пайда болу себептеріне байланысты алдын алу шараларын анықтайды. 

Дескриптор:

-Сызба сызады


Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға жетелеуші, бағыттаушы, түрткі сұрақтар қойып, қолдау көрсетеді.



Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі. 

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне  сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін  

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.



 


.

              9 «а» сынып арасында биология пәні бойынша ашық сабақ



9 «а» сынып биология пәні бойынша ашық сабақ


Сабақтың тақырыбы: Көлемдік  қатынас заңы

Бөлім: 

8.2ВСтехиометриялық есептеулер

Педагогтің аты-жөні:

Умирзакова Л

Күні:

24.11.21ж

Сыныбы: 8 «ә»

Қатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Көлемдік  қатынас заңы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.2.3.8 -газдардың қатысуымен жүретін реакциялар бойынша есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынас заңын қолдану

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Химиялық реакциялардағы газдардың көлем қатынасы туралы жан-жақты түсінік береді

Көпшілік оқушылар үшін:

Көлемдік қатынастар заңын қалыптастырады         

Кейбір оқушылар үшін:

Газдардың көлемдік қатынастары бойынша есептеулер жүргізеді.



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының  суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 2топқа бірігеді. 

1 топ: Кітап 

2 топ: Дәптер



Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді.  Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы


(Қазіргі жағдайда) ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


 (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты  байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері     беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Коэффициент дегеніміз?

2.Газдардың көлемдік қатынас заңын түсіну?

3.Газ тәрізді заттардың мольдік көлемі?



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. 

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. 

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп,  талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.  

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

15 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады

Дескриптор:                    Жалпы - 3 балл

1. Көлемдік қатынастар заңын қалыптастырады.

Презентация

Жеке жұмыс

5 мин

Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1.. Реакция теңдеулерін жүзеге асырыңдар: 
 A Br2 → HBr → NaBr → NaNO3 


 Б) Fe → FeCl2 → Fe(OH)2 → FeO 
 
 

В) CaCO3 → CaO → CaC2 → C2H2 
 
 

Г) Si→ SiO2 → Na2SiO3 → H2SiO3 

Дескриптор:                    Жалпы - 3 балл

1.Реакция теңдеуін теңестіреді

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Топтық жұмыс

6 мин

Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Зертханалық тәжірбие

Үш бірдей құтының әрқайсысында 1 моль

  1. Сутек
  2. Оттек
  3. Көмір қышқыл

Газдары бар құтыны ашпай қалай анықтауға болады



Дескриптор:                    Жалпы - 3 балл

1. Талдау жасап айырмашылықтарын анықтайды.

2. Зертханалық жұмысты орындайды.

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне  сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін  

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.



 

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? 

Бағалау.  Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
 
 
 

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды     іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

 «Мадақтау сөзі» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын 

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді?Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1: 

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені     анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:










               Химия пәнінен 8 «а» сыныптар арасында ашық сайыс сабақ


Мерзімі:25.11.21ж

Сабақтың тақырыбы: «Табиғат ғажайыптар»

Мақсаты: Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру

Білімділік: Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде біз және табиғат байланыстылығын білуге үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысқа дағдылануға, өзін-өзі тануға, тіл мәнерін, ой-өрісін дамытуға бейімдеу.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу

Көрнекілігі: Табиғат туралы қанатты сөздер, түрлі суреттер, мақал мәтелдер, жұмбақтар.

Сабақтың әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, топпен жұмыс.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын
 Құтты қонақ келіпті
 Төрімізге еніпті
 Ал, қанікей бәріміз
 Сәлем дейік үлкенге
 Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Кіріспе сөз:

Табиғат - қоғамның қорғаны. Алғашқы қауымнан қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адам баласының өмір сүруге қажет барлық мұқтажын табиғат өз қазынасымен жомарттықпен өтеуде. Өміріне, экономикалық –географиялық жағдайына, тарихи дамуына қарай қазақ халқы табиғат қойнауында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр.

Мұндай жақындық оларды табиғатың бауыры, жанашыры етіп жіберген. Халықтың табиғатты қадірлеп-қастерлеуге сезімін бүкіл өмір тағылымынан кездестіреміз.

Балалар табиғат дегенде ойымызға не келеді?

Табиғат — ол Өсімдік. Өсімдік — бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын, ыстықта — көлеңке сая, суықта- пана, ауырғанда — дәрі, ренжігенде — қуантатын табиғаттың сұлу көркі — гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті — жасыл желек, орман.

Кезекті оқушылардың табиғат туралы тақпағына берейік:

Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе!

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол, ақиқат,

Күміс су, қара жердің сәні емес пе!


Топырақтан өмір иісі шығады

Оны денең тиіп кетсе ұғады.

Еңбегіңді есесіне беретін,

Жақсылық та топырақтан шығады.


Табиғат сенде бәрі ортақ,

Аспаның, күнің, айың да.

Тегінде жаның жомарт — ақ,

Ізгілік жатыр бойында.


Табиғат, қызығам сенің суретіңе,

Бас ием сенің құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.


 
Бүгінгі тақырып табиғатқа, Жер экологиясына, оның ішінде Қазақстан экологиясына яғни біздің өлкеміздің экологиясына арналғанын ұққан шығарсыңдар.

Экология - «эйкос» - үй, «логос» - білім – қоршаған орта туралы білім деген сөзді білдіреді. Ал енді, біз табиғаттың бөлшектерін қарастырып шығайық. Қоршаған ортаның экологиясын зерттейік.

— Балалар, қазір біз Қазақстанның әсем табиғаты туралы және оған тиіп жатқан зардаптар туралы видеофильм көреміз.

(талдау жұмысын жүргізу)

— Келесі кезекті тапсырмаларға береміз.

1-жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып, жатқан балаларды көрді-де, тұрып қалды.

Сұрақ:

1. Арман не істеді деп ойлайсыңдар?

2. Арман қандай бала?

3. Бұтақ сындырып жатқан балалар қандай екен?

2-жағдаят. Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақтың көзінің қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді…

Сұрақ:

1. Серіктің әрекеті қанда болады деп ойлайсыңдар?

2. Серіктің бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?

3. Бұлақтың көзінің бітеліп қалуына кімдер кінәлі деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың орындауында «Атамекен» әні.

Осы табиғатымызды сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа қалдыру біздің азаматтық борышымыз. Ендеше осы істе сендер қандай үлес қосар едіңдер?

1. «Бір, ағаш кессең, он, ағаш ек» — жасыл желек бағдарламасына ат салысамыз;

2. «Судың да сұрауы бар» — суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз,

ластамаймыз

3. Орман-тоғайды, бақтарды күл — қоқыстан тазалап, өрттен қорғаймыз.

4. Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.

Қызығушылықты ояту.

— Балалар, мына сөзжұмбақты шешсек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады екен.

Сөзжұмбақ сұрақтары.

1. Аң патшасы.

2. Қазақстанның әсем қаласы.

3. Қазақтың қарт, ақыны.

4. Қазақтың батыр қызы.

5. Қазақстандағы көмір өндіретін жер.

6. Ай аты.

Қорытынды

Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой дейміз. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім — кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса, солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: сөндірілмей тастал ған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір, ағаштың өсуіне қаншама көп жылдар керек екендігін біз білеміз. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстайық, табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін-де сүйе алмайды.



                          «Табиғат ғажайыптар» тақырыбында сайыс сабақ





№12 Х.Әлімжан атындағы негізгі орта мектебі коммуналдық

 мемлекеттік мекемесі.

Таза болса табиғат,аман болар адамзат атты химия биология пәндері апталықтың іс жоспары өткізіледі. Атап айтатын болсам 22.11.21ж. Апталықтың ашылу салтанаты өткізіледі 23.11.21ж 9 «а» сыныптар арасынан биология пәнінен  Зәршығару жүйесінің гигиенасы атты ашық сабақ өткізіледі. 24.11.21ж 8 «а» сыныптар арасында химиялық реакциядағы газдардың көлемдік қатынасы атты ашық сайыс өткізіледі. 25.11.21ж 7 «ә» «а» сыныптар арасында Табиғат ғажайыптар тақырыбында суреттермен сөз жұмбақ сайысы өткізіледі.26.11.21ж 7мен 9 сыныптар арасында апталықтың қорытындысы айтылып,жақсы қатысқан оқушыларды марапаттап, апталық жабылды.