Гуманитар бағытының пәндері әдістеме бірлестігінің 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Гуманитар бағытының пәндері әдістеме бірлестігінің
2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Тақырыбы: Заманауй сабақты оқушылардың сапалы білімін жетілдіруде қолдану.
Мақсаты: Пән мұғалімдерінің касібі деңгейін осіру, олардың методикалық , интелектуалдық қабілеттерін дамыған ізгілікті дуние танымы қалыптасқан, танымдық іс әрекеттерге дайын, жоғары мәдениетті тұлғаны қалыптастыру
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру;
Мұғалімдердің барлық жұмыс түрлерін жүйелеу;
Әдістемелік жұмыстарды және мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру;
Оқу бағдарламаларын жоспарлау және нақтылау;
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен түрлерін енгізу және тәжірибе алмасу.
Міндеті: Қазақстан Республикасы Білім беру Стандартына сәйкес білім беру
Әдістеме бірлестігі мен мектеп көлеміндегі тақырыптарды оқыту-
дың жаңа технологияларының әдістерін сабаққа енгізу,талдау және дамыту арқылы іске асыру;
Мұғалімдердің білімдерін жетілдіруге арналған оқу семинарларын ұйымдастыру;
Семинарларға,педогогикалық оқу ,т.б. іс-шараларға қатысу.
Гуманитар бағытындағы пән мұғалімдерініңӘБ жұмысының ұйымдастырылуы мен құрылымы
ӘБ мақсаты білім сапасын қамтамасыз ету, біріккен ізденіс арқасында білім беру үдерісін тиімді ету, педагогикалық іс-әрекеттің озат үлгілерімен танысып, іске асыру, ұстаздардың өзара кәсіби қарым-қатынас жасауына жағдай туғызу, оқушының оқу әрекеті мен мұғалімнің кәсіби іс-әрекетін бағалау өлшемдерін, талаптарын шығару .ӘБ жұмысы ЕРЕЖЕ негізінде жүргізіледі де екі бағытты қамтиды: ұйымдастыру және оқу-әдістемелік.
Ұйымдастыру іс-әрекетіне:
– ӘБ мұғалімдерінің жалпы мінездемесі (білімі, өтілі, санаты, аттестаттаудан өткен мерзімі, біліктілігін жоғарылатуы, өзіндік білімін дамыту тақырыбы, мектепішілік ӘБ жұмысына қатысуы);
– Ұстаздардың жеке кәсіби деңгейінің диагностикасы;
– Белгілі бір мерзімге жұмыс жоспары;
– ӘБ кәсіби портфолиосын жасау;
– ӘБ іс құжаттарын жүргізу
Оқу-әдістемелік бағытқа :
– Білім беру үдерісін талдау;
– Мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін түрлі әрекеттерді жоспарлау;
– Білім беру жүйесінің түрлі нормативті-құқықтық құжаттарымен танысу;
– Мектепішілік, ӘБ әдістемелік іс-әрекетіне араластыру арқылы мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық мәдениетін жетілдіру;
– Пәнді оқытудағы қиын тақырыптарды оқыту әдімтемесі мен әдістерін бірігіп құру;
– Ұстаздарға, оқушыларға, ата-аналарға пәнді оқытуға байланысты ұсыныстар дайындау;
– Пәндер бойынша оқушылардың білім сапасын қадағалап отыру; жаңа әдістемелерді, білім беру үдерісінің технологияларын сынау, қабылдау;
– Зерттеу жұмыстарын жүргізу;
– Өзара сабақтарға кіру;
– Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе үлгілерімен танысу, оларды ӘБ мұғалімдерінің әрекетінде қолдану;
– Оқушыларды түрлі сайыстарға, ойындарға (марафон, олимпиада, т.с.с.) дайындау;
– Пән бойынша сыныптан тыс іс-шараларды дайындап өткізу.
Бекітемін:
Мектеп директоры: С. Омарбекова
Гуманитар бағытының пәндері әдістемелік бірлестігінің
2021-2022 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары
Р/с | Жұмыстың негізгі бағыттары | Орындалу мерзімі | Жауаптылар |
1 | 2 | 3 | 4 |
І. Оқыту үрдісін ұйымдастыру | |||
1 | Әдістемелік бірлестіктің жылдық жоспарын құру | Тамыз | Курбанова М. |
2 | Күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды даярлау | Тамыз | Курбанова М. пән мұғалімдері |
3 | Әдістемелік бірлестік отырыстарын ұйымдастыру (Қосымша 1) | Тамыз | Курбанова М. |
4 | Гуманитар бағытының пәндерінен бөлім бойынша жиынтық бағалау ушін материалдар даярлау | Тамыз, үнемі | ӘББ, пән мұғалімдері |
5 | Гуманитар бағытының пәндері бойынша ББЖБ жұмыстарын өткізу | үнемі | ӘББ, пән мұғалімдері |
6 | Гуманитар бағытының апталығын өткізу | Тізімге байланысты | ӘББ, пән мұғалімдері |
7 | Тоқсандық, жарты жылдық, жылдық есептерді өткізу. | Жыл бойы | Курбанова М. |
8 | Білім сапасына жүйелі түрде қадағалау жүргізу | Үнемі | Курбанова М. пән мұғалімдері |
9 | Оқу үлгерімі төмендеген оқушылармен жұмыс жоспары (Қосымша 2) | Үнемі | ӘББ, пән мұғалімдері |
10 | Электрондық журналмен жұмыс істеуді қалыптастыру | үнемі | Пән мұғалімдері |
11 | Оқушыларды мектепішілік, қалалық және республикалық олимпиадаға қатыстыруға дайындық жүргізуді ұйымдастыру | Үнемі | ӘББ, пән мұғалімдері |
12 | Мектепішілік олимпиада өткізу | Қараша | пән мұғалімдері |
13 | Ұлттық бірыңғай тестілеуге, мемлекет аралық бақылауға дайындық | Жыл бойы | Кугенбаева Г. |
14 | Гуманитар бағытының пәндері мұғалімдерінің семинар, конференциялар т.б. іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру | Жыл бойы | Курбанова М. |
15 | Қорытынды аттестаттау емтихандарына даярлау (Қосымша 3) | Сәуір-мамыр | Пән мұғалімдері |
16 | Ағылшын пәнінің апталығын өткізу | ақпан | Егамбердиева С. |
17 | Болашаққа бағдар: «Рухани жаңыру» тақырыбы бойынша сыныптан тыс іс шаралар өткізу | ақпан | Пән мұғалімдері |
18 | «Ең үздік пән кабинеті» байқауы | ақпан | Пән мұғалімдері |
ІІ. Кәсіби өсу жәнепедагогикалық шеберлігін шыңдау | |||
1 | Өзара сабаққа қатысу | Жыл бойы | Пән мұғалімдері |
2 | Гуманитар бағытының пәндері мұғалімдерінің семинар, конференциялар т.б. іс-шараларда жинақтаған білімдерін ортаға салу | Жыл бойы | ӘББ. |
3 | Ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар өткізу (дәстүрлі, дәстүрлі емес) | Жыл бойы | Пән мұғалімдері |
4 | Кәсіби басылымдардағы үздік мақалаларға талдау жүргізу | Жыл бойы | Курбанова М. пән мұғалімдері |
5 | Пән мұғалімдерінің өз білімін жетілдіру тақырыптарын бекіту | Қыркүйек | Курбанова М. |
6 | Мұғалімдердің біліктілігін көтеру семинар, конференция, курстарға қатысуын ұйымдас-тыру | Жыл бойы | Курбанова М. |
7 | Жаңа технологияларды сабақтарда пайдалану | Жыл бойы | Пән мұғалімдері |
ІІІ. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету | |||
1 | Жас мамандардың тізімін анықтау. Оларға тәлімгерлер бекіту | Қыркүйек | Курбанова М. |
2 | Тәлімгерлердің жас мамандармен жүргізетін жұмыстарының жоспарын құру (Қомысша 4) | Қыркүйек | Курбанова М. Тәлімгерлер |
3 | Жас маманның тәлімгермен бірлесе жүргізетін жұмыс жоспары (Қосымша 5) | Қыркүйек | Тәлімгерлер |
4 | Тәлімгер педагогтардың сабақтарына қатысып, тәжірибе алмасу | Жыл бойы | Жас мамандар |
5 | Жас маманның жинақ папкасы | Жыл бойы | Жас мамандар |
6 | Жас маманға әдістемелік көмек көрсету | Жыл бойы | ӘББ, тәлімгерлер |
7 | Жас маманның тәлімгерден алған дәрісінің есебін қорытындылау | Мамыр | ӘББ, пән мұғалімдері |
ІV. Дарынды балалармен жұмыс | |||
1 | Оқушылардың қоғамдық пәндер бағытындағы пәндерге дарындылығын анықтау жұмыстарын жүргізу. Дарынды балалар тобын құру | Қыркүйек | ӘББ, пән мұғалімдері |
2 | Оқушылардың дарындылығын дамыту үшін жүргізілетін жұмыс жоспарын құру (Қосымша 6) | Қыркүйек | Курбанова М. |
3 | Дарынды балаларды ғылыми–практикалық конференцияларға, семинарларға қатыстыру | Жыл бойы | ӘББ, пән мұғалімдері |
4 | Оқушыларды ғылыми-жоба сайыстарына қатыстыру | Жыл бойы | ӘББ, пән мұғалімдері |
5 | Дарынды оқушыларды аудандық, қалалық, республикалық олимпиадаларға қатыстыру | Жыл бойы | ӘББ, пән мұғалімдері |
V. Шығармашылық жұмыс жүргізу | |||
1 | Мұғалімдердің шығармашылық конкурстарына қатысуын ұйымдастыру | Жыл бойы | Курбанова М. |
2 | Пән мұғалімдерінің кәсіби білімін көтеру жоспарын жасау, бекіту (Қосымша 7) | Қыркүйек | Курбанова М. |
3 | Шығармашылық жұмыспен айналысатын мұғалімдердің жұмысын жинақтау, тарату | Жыл бойы | ӘББ, пән мұғалімдері |
4 | Біліктілік санатын көтеру үшін аттестаттаудан өтуге өтініш берген мұғалімдер тізімін жасау | Жыл бойы | Курбанова М. |
Дайындаған: Курбанова М.